locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарымен матч алдында жақсы жаңалық алды

Максим Самородов алдағы ойында ұлттық құрамаға көмектесе алады
ФОТО: amanvibe.kz
УЕФА Ұлттар Лигасы. С Лигасы
06.10.2026, 10.00
Қазақстан
-
Фарер аралдары
-

Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасындағы Фарер аралдарына қарсы матч алдында жақсы жаңалық алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

AmanVIBE ақпаратына сәйкес, «Ахмат» шабуылшысы Максим Самородов алдағы ойында ұлттық құрамаға көмектесе алады. 24 жастағы форвард жарақатынан толық айығып, алаңға шығуға дайын екені хабарланды.

Еске салайық, Самородов жарақатына байланысты Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы соңғы үш матчын өткізіп алды. Шабуылшы Астанада ұлттық құраманың медициналық штабының бақылауымен оңалту курсынан өтті.

Осы маусымда қазақстандық шабуылшы «Ахмат» сапында Ресей чемпионаты мен Кубогінде 10 матч өткізіп, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Ұлттар лигасы C дивизионы аясындағы Қазақстан - Фарер аралдары матчы 6 қазанда «Астана Аренада» өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie