ВИДЕО: «Адмирал» мен «Барыс» бірге 9 шайба соқты
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионатының сырт алаңдағы матчында владивостоктық «Адмиралдан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Владивостоктағы кездесу мұз айдыны қожайындарының пайдасына 5:4 есебімен аяқталды. Алайда қазақстандық команда матчты сенімді бастап, тоғызыншы минутқа қарай екі шайба айырмашылығымен алға шықты. Асанали Саркенов пен Логан Дэй мергендік танытты.
Дегенмен «Адмирал» есепті теңестіріп, бастаманы өз қолына алды. «Барыс» сапынан Алихан Өмірбеков пен үшінші кезеңде есепті 4:4-ке жеткізген Джастин Бэйли де шайба соқты.
Матчтың шешімі 58-минутта шықты: Григорий Ващенко алаң иелерінің бесінші шайбасын соғып, командасына жеңіс сыйлады.
Назарларыңызға «Адмирал» - «Барыс» (5:4) матчының бейнешолуын ұсынамыз.