Түлектерге сенім. «Барыс» директоры маусымды қорытындылап, жетістіктерін атап өтті
Хоккейден астаналық «Барыс» клубының бас директоры 2024/2025 жылғы маусымға қорытынды жасап, Ғалым Мамбеталиев бастаған бапкерлік құрамның еңбегін атап өтті.
«Мен маусымға қойылған мақсаттарды айтқанда, Мамбетәлиев ештеңеден тайсалмады. Жеңіл болмайтынын білдік. Ашық айтсам, бәрі бұдан да қиын болады деп ойладым. Бірақ команда мінез көрсетті - бұл өте маңызды», - деді клуб басшысы баспасөз мәслихатында.
Оның пікірінше, бастысы нәтиже емес, даму. Маусымда 16 тәрбиеленуші ҚХЛ-де дебют жасады, тағы 14 ойыншы фарм-командада алғашқы мүмкіндігін алды. Олардың қатарында ұлттық және жастар құрамасының мүшелері, сондай-ақ 2007 жылғы жас ойыншылар да бар. Командада дұрыс атмосфера мен командалық рух сақталып отыр.
«Бұл маусым біз үшін маңызды әрі шынайы жұмыс кезеңі болды. Қай бағытта жұмыс істеу керек екенін түсіндік әрі ойын тұрғысынан, әрі жүйелі дайындық жағынан. Иә, нәтиже көңіл көншітпейді, бірақ бізге деген қызығушылық бар. Лиганың өзі біздің құрамның қалай дамитынын көруге мүдделі», - деп атап өтті клуб басшысы.
2024/2025 жылғы ҚХЛ маусымында «Барыс» Шығыс конференциясында 11-орын алды. Команда 62 матчта 58 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне өте алмады. Дегенмен жасарту мен қайта құру бағыты аясында болашақ үшін сенімді негіз қаланды.