«Барыс» сәтсіз маусымды «Салават Юлаевтан» жеңіліспен аяқтады
ҚХЛ маусымының соңғы матчында «Салават Юлаев», «Барыстан» 4:1 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстандық команданың қорғаушысы Аслан Жүсіпбеков лигадағы дебюттік шайбасын салды, ал қарсылас команданың шабуылшысы Джош Ливо, Сергей Мозякиннің бір маусымда соққан голдары рекордын (48 гол) жаңартты.
ҚХЛ. Тұрақты чемпионат. 22 наурыз
«Барыс» - «Салават Юлаев» - 1:4
Шайбалар: 10:47 - Хмелевский (Ремпал) (0:1), 17:04 - Ремпал (Хмелевский) (0:2), 25:32 - Борисевич (Хохлов, Кайыржан) (1:2), 50:12 - Ливо (1:3), 55:41 - Уилсон (бол., Тодд, Ливо) (1:4).
«Салават Юлаев» 93 ұпаймен ҚХЛ тұрақты чемпионатын аяқтап, Шығыс конференциясында екінші орынға ие болды. Ал «Барыс» маусымды 35 ұпаймен 12-ші орынмен аяқтады.
Камбэк болады ма? Сарыарқа Арланды жартылай финалдық кездесуде ойсырата жеңді