«Сарыарқа» «Бейбарысты» аяған жоқ, ал «Торпедо» овертаймда нағыз триллер жасады
Қазақстан кубогы аясындағы топтық кезең ойындары жанкүйерлерге тартысты сәттер мен күтпеген оқиғалар сыйлады.
Атыраудағы айдын иелері - «Бейбарыс» қарағандылық «Сарыарқаның» қарқынына төтеп бере алмады. Қонақтар басымдығын бірден сездіріп, кездесуді ойсырата жеңіспен аяқтады. Басты қаһарман атанған Сергей Барбашев дубль жасап, жанкүйерлерін қуантты. Ал Артем Лихотников екі мәрте нәтижелі пас беріп, командаластарына қолдау көрсетті.
Қазақстан кубогы, топтық кезең
«Бейбарыс» — «Сарыарқа» 1:5 (0:0, 1:3, 0:2)
Шайбалар: Гасников (23:39), Лихотников (28:35), Королинский (29:33), Барбашев (31:33, 41:22), Фазлеев (45:29).
Ал Петропавлда өткен матч жанкүйерлерге нағыз хоккей драмасын сыйлады. «Құлагер» мен Өскеменнің «Торпедосы» соңғы минутқа дейін иық тірестіріп ойнады. Негізгі уақыт тең аяқталып, шешуші сәтті овертайм шешті. Мұнда басты кейіпкер Эрик Алдабергенов болды - ол екі шайба соғып, тағы бір нәтижелі пас берді.
Қазақстан кубогы, топтық кезең
«Құлагер» — «Торпедо» 4:5 ОТ (0:1, 3:2, 1:1, 0:1)
Шайбалар: Лагунов (01:41), Кляузов (20:44), Попитич (27:22), Алдабергенов (28:12, 62:46), Исмагилов (34:03), Шапорев (35:20), Рахманов (46:06), Бурделев (59:49).
Айта кетейік, бұған дейін Өскеменде «Торпедо» «Ақтөбені» 4:2 есебімен тізе бүктірсе, «Сарыарқа» «Горнякты» 5:0 есебімен тас-талқан еткен болатын.