НХЛ хоккейден Әлем кубогын өткізуге өтініштер қабылдауды бастады
Турнир 2028 жылғы ақпанда өтеді деп жоспарлануда
Хоккей
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: Sportbox
Ұлттық хоккей лигасы (НХЛ) мен ойыншылар кәсіподағы (NHLPA) 2028 жылы өтетін Хоккейден Әлем кубогын қабылдауға үміткер қалалардан ресми өтініштер қабылдау басталғанын жариялады.
Өтініштерді Солтүстік Америка, Еуропа және өзге де халықаралық нарықтардағы қалалар бере алады. Солтүстік Америкадағы қалалар үшін өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі – 19 шілде Астана уақытымен 03:00, ал қалған аймақтар үшін – 31 шілде 01:00.
Турнирге сегіз ұлттық құрама қатысады деп күтілуде. Айта кетейік, бұл жарыс соңғы рет 2016 жылы Канададағы Торонто қаласында өткен болатын.
Легионерсіз маусым: «Торпедо» 2025/26 жылды тек жергілікті құраммен бастайды.