locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Металлург» — «Барыс»: ҚХЛ матчтарын тікелей эфирде қайдан көруге болады

Тікелей трансляция Qazsport телеарнасында қолжетімді болады
ФОТО: ХК "Барыс"

Астаналық «Барыс» 18 қыркүйекте ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында магнитогорлық «Металлургке» қарсы сырт алаңда матч өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Тікелей трансляция Qazsport телеарнасында қолжетімді болады.

«Барыс» маусым басындағы төрт матчтың үшеуінде жеңіске жетті. Астаналықтар «Сибирьді» (7:1), «Салават Юлаевты» (8:6) және «Ладаны» (6:0) ұтты, ал жалғыз жеңілісін «Амурдан» (1:3) алды.

«Металлург» те төрт кездесу өткізді. Магнитогорлықтар «Амурды» екі рет (4:2 және 2:1 ОТ) жеңіп, «Ак Барсты» (3:2 Б) ұтты, кейін «Авангардтан» (2:3 ОТ) және «Спартактан» (2:3) жеңілді.

«Металлург» — Гагарин кубогінің үш дүркін иегері. Клуб құрамында қазақстандық хоккейшілер Валерий Орехов пен Никита Михайлис өнер көрсетеді.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie