locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚХЛ «Металлургпен» матч алдында «Барыстың» нәтижелілігін атап өтті

«Барыс» тағы да бес шайбадан көп соға ала ма?
ФОТО: ХК "Барыс"

Континентальды хоккей лигасының ресми сайты Магнитогорскінің «Металлургі» мен астаналық «Барыс» арасындағы тұрақты чемпионат матчының превьюін жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

ҚХЛ Қазақстан клубының жоғары нәтижелілігіне арнайы назар аударып, алдағы кездесу алдындағы басты сауалды атады.

««Барыс» тағы да бес шайбадан көп соға ала ма?

«Металлург» қазіргі үйдегі сериясы аясындағы үш ойынның екіншісін өткізеді, ал «Барыс» сырт алаңдағы төрт матчтың екіншісіне шығады. Астаналықтар тұрақты чемпионаттың басында фантастикалық нәтижелілік көрсетіп жүр. «Сибирьді» (7:1) және «Салават Юлаевты» (8:6) ірі есеппен жеңгеннен кейін Михаил Кравец шәкірттері «Амурға» (1:3) есе жіберіп, аз уақытқа аялдағандай болды. Алайда артынша Тольяттиде жергілікті «Ладаны» (6:0) ойсырата ұтты. ҚХЛ-да алғаш рет қақпасын голдан аман сақтаған қақпашы Хантер Шепардтың құрғақ сериясы қазір 87 минут 13 секундқа жетті. Осылайша, қонақтардың еншісінде өткізген төрт ойыннан кейін 22 шайба бар! «Металлург» өз алаңындағы сериясын «Спартактан» (2:3) жеңіліспен бастады — бұл кездесу маусымда алғаш рет Андрей Разин шәкірттерінің негізгі уақытта жеңіліп, бірде-бір ұпай жинай алмаған ойыны болды. Алдағы кеште тағы бір сәтсіздікті болдырмау мүмкін бола ма?» — деп хабарлайды ҚХЛ.

ҚХЛ-дағы соңғы бес матчтағы командалар көшбасшылары

Маусым басында магнитогорскіліктердің үздік сұрмергені — шабуылшы Сергей Толчинский (1+3). Оның шабуылдағы серіктесі Никита Михайлис ҚХЛ-дағы 200 нәтижелі пас межесіне жақындап келеді (қазіргі көрсеткіші — 198). «Барыс» сапында шабуылшы Джастин Бэйлидің төрт матчқа созылған жеке нәтижелі сериясы бар (5+4).

Өзара кездесулердегі жеңістер

«Металлург» ҚХЛ тарихында астаналықтармен өткен 77 өзара кездесудің 51-інде жеңіске жеткен», — деп жазады сайт.

«Металлург» — «Барыс» матчы бүгін, 18 қыркүйекте өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-ге жоспарланған.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie