locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мажарстаннан жеңіліс тапқан Қазақстан құрамасы турнирлік кестеде алтыншы орынға түсіп қалды

Хоккей
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Мажарстаннан тапқан жеңіліс Қазақстанды топтық кестеде алтыншы орынға сырғытты
ФОТО: KХФ

2025 жылғы әлем чемпионатының үшінші турында Қазақстан құрамасы Мажарстаннан 2:4 есебімен жеңілгеннен кейін B тобының турнирлік кестесінде 6-орынға түсіп қалды.

Олег Болякин баптайтын команда әзірге жалғыз жеңісін алғашқы турда Норвегияға қарсы өткен ойында тіркеген болатын (2:1). Кейінгі кездесулерде Қазақстан Германиядан (1:4) және Мажарстаннан (2:4) ұтылып, маңызды ұпайларды жоғалтты.

Қазіргі таңда топ көшін үш жеңіспен Германия құрамасы бастап тұр - олардың еншісінде 9 ұпай. Одан кейінгі орындарда Чехия (8 ұпай), Швейцария (7) және АҚШ (6) орналасқан. Қазақстан мен Мажарстанның ұпайлары бірдей - 3-тен, алайда қосымша көрсеткіштер бойынша Мажарстан жоғары тұр. Норвегия мен турнир қожайыны Дания әзірге ұпай жинаған жоқ.

B тобының турнирлік кестесі:
1. Германия — 9 ұпай
2. Чехия — 8
3. Швейцария — 7
4. АҚШ — 6
5. Мажарстан — 3
6. Қазақстан — 3
7. Норвегия — 0
8. Дания — 0

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 14 мамыр күні Данияға қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 23:30-да басталады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie