locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Қарымды қарсылас, сүрінген сенім. Қазақстан әлем чемпионатында Мажарстанға есе жіберді

Хоккей 13 мам 2025 16:49
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: KХФ

Данияда өтіп жатқан хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы кезекті ойынында Мажарстаннан 2:4 есебімен жеңіліп қалды. Бұл - топтық кезең аясындағы үшінші матч және құраманың екінші жеңілісі.

Ойын басталысымен-ақ жанкүйерлер күтпеген жағдайға тап болды: небәрі 15-ші секундта мажарлық Хари есеп ашып, қарсыластарға сенімділік сыйлады. Бірінші кезеңнің соңына қарай Тербоч есепті 2:0-ге жеткізіп, Қазақстан үшін жағдайды қиындатып жіберді.

Екінші кезеңде Қазақстан құрамасы қайта серпіліп, шайба соғуға мүмкіндік алды. Никита Михайлис көпшілікте өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып, есеп айырмасын қысқартты. Ойын қайта жандана бастағандай көрінгенімен, шешуші кезеңде Мажарстан шабуылды үдете түсті.

Үшінші кезеңнің алғашқы секундында Галло есепті 3:1-ге жеткізсе, бірнеше минуттан кейін Винце төртінші шайбаны соқты. Ойын тағдыры осы сәттерде шешілді. Қазақстан құрамасы соңғы минутта ғана Ореховтың голымен жауап қатты. Бірақ ол тек есепті түзетуге ғана жетті.

Қақпада бұл жолы Максим Павленко тұрды. Бұған дейін Қазақстан құрамасы Норвегияны 2:1 есебімен жеңіп, Германиядан 1:5 есебімен ұтылған болатын.

2025 жылғы әлем чемпионаты. Топтық кезең
Қазақстан — Венгрия 2:4 (0:2, 1:0, 1:2)
Шайбалар: 0:1 — Хари (00:15); 0:2 — Тербоч (18:31);1:2 — Михайлис (34:32, көп.); 1:3 — Галло (40:14); 1:4 — Винце (43:35, көп.); 2:4 — Орехов (59:01)

Қақпашылар: Павленко — Балиж

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі келесі кездесуін 14 мамыр күні Астана уақытымен 23:30-да өткізеді. Қарсылас - Дания құрамасы.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie