Кравец «Барыстың» «Нефтехимикпен» ойынын қатаң сынға алды
«Барыс» Континенталдық хоккей лигасындағы «Нефтехимикпен» өткен ойында жеңіске жете алмады, ал астаналық команданың бас бапкері Михаил Кравец шәкірттерінің өнеріне аса наразы болды.
«Барыстың» бапкері бұл матчты маусымдағы ең сәтсіз ойын деп атап, хоккейшілер мұзда бар күшін сала ойнамағанын айтты.
«Ойын жайлы айтарым жоқ. Бәлкім, біздің тарапымыздан маусымдағы ең сәтсіз кездесу болды. Көп қателік жібердік, көпшілігі өз ісімен айналыспады, өз жұмысына немқұрайлы қарады. Бірақ осындай ойынмен де нәтиже басқа болуы мүмкін еді.
Өкінішке қарай, есепті теңестіре алмадық. Жалғыз айтарым — үшінші кезең бізге плюс болды. Жалпы, плей-оффқа таласып жатқан командалармен осындай принципті ойындарда бұлай ойнау бізге жараспайды. Әрине, біздің тарапымыздан», - деді Кравец, деп жазады sports.kz.
«Барыс» «Нефтехимикке» 2:3 есебімен есе жіберіп, бірінші кезеңнің басында екі шайба өткізді.