locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бірінші кезең сәтсіз өтті. «Барыс» КХЛ матчында «Нефтехимиктен» ұтылды

Ойынның сәтсіз басталуы жеңіліспен аяқталды
Хоккей
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Бірінші кезең сәтсіз өтті. «Барыс» КХЛ матчында «Нефтехимиктен» ұтылды
ФОТО: «Барыс»

Континенталь хоккей лигасы аясында «Барыс» Нижнекамскіде жергілікті «Нефтехимикке» қарсы қонақта ойнады. Михаил Кравецтің шәкірттері жеңіспен оралудың жолын таба алмады.

Алғашқы кезең шын мәнінде сәтсіз өтті. Андрей Шутовтың қақпасына алғашқы шайба ойынның екінші минутында-ақ соғылды, ал жеті минуттан кейін алаң иелері өзінің басымдығын еселеді.

Екінші кезеңде «Барыс» есеп айырмасын қысқартты, бірақ екі минут өтпей жатып «Нефтехимик» қайтадан екі шайба басымдыққа ие болды. Үшінші кезеңнің басында астаналық команда тағы да бір шайбаға жақындады, алайда матчты овертаймға жеткізуге шамасы жетпеді.

КХЛ. Тұрақты маусым

«Нефтехимик» – «Барыс» – 3:2

Шайбалар: Барулин (Пастухов + Точилкин), 01:06, Надворный, 08:25, Капустин, 30:45 – Шайхмедденов (Бреус), 28:56, Уолш (Морелли + Веккьоне), 40:27.

Нижнекамскідегі кездесуден кейін «Барыс» Шығыс конференциясында жетінші орында қалды, ал келесі матч 29 қазан күні Астана уақытымен 18:30-да Омбыда жергілікті «Авангардқа» қарсы өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie