locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Украинада Гуцуляктың «Ордабасыға» ауысуына үн қатты

Украина футбол қауымдастығы ұлттық құраманың ойыншысын мансабындағы жаңа кезеңімен құттықтады
Футбол
Украинада Гуцуляктың «Ордабасыға» ауысуына үн қатты
ФОТО: instagram.com/alexeygutsuliak/

Украина футбол қауымдастығы (УФҚ) ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Алексей Гуцуляктың шымкенттік «Ордабасыға» ауысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ұйымның баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде футболшыны құттықтап, оның Қазақстан чемпионатына ауысқанын атап өтті.

«Украина ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Алексей Гуцулякты мансабындағы жаңа кезеңімен құттықтаймыз», - делінген УФҚ хабарламасында.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионының қатарына қосылған 28 жастағы вингер Transfermarkt нұсқасы бойынша ҚПЛ-дің ең қымбат футболшылары рейтингінде көш бастады. Оның нарықтық құны үш миллион еуроға бағаланып отыр.

Гуцуляк футболдағы мансабын «Карпаты» академиясында бастаған. Кейін «Десна», «Днепр-1» және Житомирдің «Полесье» клубтарында өнер көрсетті. Сондай-ақ 2016 жылы украиналық футболшы Испанияның «Вильярреал» клубы жүйесінде болды.

Қазақстанға көшкенге дейін футболшының соңғы клубы «Полесье» болды. Ол бұл командада 2024 жылдың жазынан бері ойнады.

Украина чемпионатында Гуцуляк 226 матч өткізіп, 52 гол соғып, 32 нәтижелі пас берді. Кәсіби деңгейдегі жалпы статистикасы — 280 ойын, 56 гол және 36 нәтижелі пас.

Вингер Украина құрамасындағы дебютін 2024 жылы жасады. Ұлттық команда сапында оның еншісінде 16 матч пен алты гол бар.

«Ордабасы» Алексей Гуцуляктың трансферін жариялады

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie