Канада Олимпиадаға басты жұлдыздарын қосып отыр
Канада құрамасы 2026 жылы Италияда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын алғашқы хоккейшілердің есімдерін жариялады. Жарыстар 6–22 ақпан аралығында Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтеді.
Ұлттық құраманың алғашқы тізіміне мына алты ойыншы кірді:
Қорғаушы:
Кейл Макар («Колорадо Эвеланш»)
Шабуылшылар:
Сидни Кросби («Питтсбург Пингвинз»)
Натан Маккиннон («Колорадо Эвеланш»)
Коннор Макдэвид («Эдмонтон Ойлерз»)
Брейден Пойнт («Тампа-Бэй Лайтнинг»)
Сэм Райнхарт («Флорида Пантерз»)
Канада Олимпиадаға ең тәжірибелі және техникалық тұрғыдан мықты ойыншыларын шақырып отыр. Кросби, Маккиннон және Макдэвид – қазіргі канадалық хоккейдің бет-бейнесі.
Олимпиададағы ерлер арасындағы хоккей турниріне 12 ел қатысады: Канада, АҚШ, Финляндия, Швеция, Швейцария, Чехия, Германия, Словакия, Латвия, Франция, Дания және турнир иесі – Италия.
Франция құрамалары ресми түрде Олимпиада-2026 қатысушылары атанды.