Франция құрамалары ресми түрде Олимпиада-2026 қатысушылары атанды
16 маусым күні Франция хоккей федерациясы өз сайтында ресми түрде мәлімдеді: елдің ерлер және әйелдер ұлттық құрамалары 2026 жылы Миланда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына қатысады.
Бұл шешім ұзақ уақыт бойы талқыланған болатын. Ресей құрамалары халықаралық аренада әскери агрессияға байланысты шеттетілгеннен кейін, босаған орынға Францияның үміткер екені белгілі болған. Енді бұл ақпарат ресми түрде расталып отыр - ь«үш түсті» хоккейшілер Олимпиада жолдамасын иеленді.
Франция ерлер құрамасы үшін бұл - тарихи сәт. Олар соңғы рет Олимпиадада 2002 жылы өнер көрсеткен. 24 жылдық үзілістен кейін француздар қайтадан әлемдік додада бақ сынайды. Ал әйелдер құрамасы Олимпиадаға алғаш рет қатысады - бұл француз хоккейі үшін үлкен жетістік және жаңа белес.
Жеребе қорытындысы бойынша Франция құрамасы күшті қарсыластармен бір топқа түсті: Канада, Чехия және Швейцария. Турнир 2026 жылдың 6 ақпанында басталады. Алдағы Олимпиада Қысқы ойындар тарихындағы ең ауқымды әрі беделді додалардың бірі болмақ.
Айта кетейік, Миландағы Олимпиаданы ұйымдастыру бюджеті 1,9 миллиард долларға жетіп, бастапқы жоспардан 112 миллион долларға артық жұмсалатын болды. Бұл қаржының басым бөлігі спорт нысандары мен қауіпсіздік шараларына, сондай-ақ инфрақұрылым мен логистикаға бағытталады.