locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Финалда жеңілу – ұят емес»: «Торпедо» бапкері «Арланнан» жеңілгеннен кейін пікір білдірді

Хоккей
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Финалда жеңілу – ұят емес»: «Торпедо» бапкері «Арланнан» жеңілгеннен кейін пікір білдірді
ФОТО: Getty Images

Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубының бас бапкері Андрей Корабейников Қазақстан чемпионатының финалдық сериясының аяқталуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Шайба.kz.

Оның командасы шешуші төртінші матчта Көкшетаудың «Арлан» ұжымына 1:2 есебімен жол берді,

- «Есепті теңестіруге мүмкіндік болды, бірақ финалда жеңілу әрдайым ауыр сезіледі. Соған қарамастан, жігіттер бар күшін салды деп есептеймін. Біз маусым бойы, сондай-ақ плей-офф кезеңінде де барымызды салдық. Бұл — қаламыз бен облысымыз үшін үлкен жетістік, – деді Корабейников. – Мен жігіттерге маусым үшін алғысымды білдірдім. Бізде мақтануға тұрарлық ұжым құрылды. Олар үлкен сөздерсіз-ақ нақты міндеттерді шешуге тырысты. Спорт болған соң, біреу жеңіп, біреу жеңіледі. Бұл жолы жеңіс «Арланға» бұйырды. Қарсыластарды чемпиондықпен құттықтаймын».

Айта кетейік, «Арлан» бұған дейінгі үш финалдық ойында да жеңіске жетті - 9:2, 6:3 және 3:2. Бұл оларға тек ойын емес, психологиялық тұрғыдан да басымдық берді.

2024/2025 жылғы маусымның қорытындысы бойынша, «Арлан» 40 ойында 65 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Ал «Торпедо» 58 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie