«Арлан» — 2024/2025 жылғы Қазақстан чемпионы. Финалда «Торпедо» ойсырай жеңілді


15 сәуір кешкісін Pro Hokei Ligasy плей-офф кезеңінің финалындағы төртінші матч өтті.
Алдыңғы үш финалдық кездесуде «Арлан» «Торпедоны» жеңген болатын (9:2, 6:3, 3:2). Сондықтан көкшетаулықтар қарсыластарынан, ең алдымен, психологиялық жағынан басым түсті. Осы артықшылықтың арқасында «Арлан» хоккейшілері өздеріне сенімді ойнады.
Бірінші период есепсіз аяқталды — 0:0. Есеп тек екінші жиырма минуттықтың соңында ашылды — «Арлан» ойыншылары бірден екі шайба соқты. Алдымен Санников есеп ашса, араға 42 секунд салып Никулин командасының басымдығын арттырды — 0:2.
«Торпедо» ойыншыларының ерік-жігерін атап өткен жөн — олар ерте берілмей, үшінші периодтың ортасында бір шайба соғып, есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен, олар есепті теңестіре алмады және осымен қатарынан төртінші рет финалда «Арланға» есе жіберіп, чемпиондықты қолдан шығарып алды. Осылайша, «Арлан» 2024/2025 жылғы маусымның Қазақстан чемпионы атанды.
«Арлан» Қазақстан чемпионатының 2024/2025 жылғы тұрақты маусымында 40 матчта 65 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. «Торпедо» 58 ұпаймен екінші орынды қанағат тұтты.
Pro Hokei Ligasy 2024/2025. Плей-офф. Финал. 4-матч
«Торпедо» — «Арлан» — 1:2 (0:0, 0:2, 1:0)
Шайбалар: 0:1 — Санников (Преснов), 38:17, 0:2 — Никулин (Волков, Буйван), 38:59, 1:2 — Базанов (Панченко, Тютюньков), 51:37
Сериядағы есеп: 0-4
