Экс-НХЛ қорғаушысы «Барысқа» қол қою үшін Астанаға келді
29 жастағы америкалық хоккейші Иэн Маккошен өткен маусымда ҚХЛ-дегі «Куньлунь» сапында ойнады
Хоккей
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: Куньлунь Редстар
Қорғаушы Иэн Маккошен «Барыс» клубымен келісімшартқа қол қою үшін Астанаға келді, деп жазады Shaiba.kz. Америкалық хоккейші елорда әуежайының терминалында көзге түсті.
Өткен маусымда 29 жастағы ойыншы ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатында «Куньлунь» сапында 61 матч өткізіп, 15 (4+11) ұпай жинады.
Сондай-ақ Маккошен НХЛ-да «Флорида» клубы сапында үш маусым ойнап, 60 кездесуде 7 (4+3) нәтижелі ұпайға қол жеткізген.
Жаңа маусым - жаңа ережелер: Қазақстан чемпионатындағы алтынға талас қалай өзгерді?