locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бояркин Германияға ота жасатуға аттанды – ол ӘЧ-2025-ті жіберіп алады

Хоккей
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Бояркин Германияға ота жасатуға аттанды – ол ӘЧ-2025-ті жіберіп алады
ФОТО: Getty Images

Астаналық "Барыс" клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Никита Бояркин емделу және ота жасату үшін Германияға ұшып кетті. Спортшы бұл туралы өзінің Instagram парақшасында Франкфурт қаласының көрінісі бейнеленген сурет арқылы хабарлады.

Еске сала кетейік, Бояркин ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатындағы "Ладаға" қарсы өткен матчта оң тізесінің алдыңғы айқас байламын жарақаттап алған болатын.

Осы маусымда 26 жастағы қарағандылық қақпашы ҚХЛ-дың тұрақты біріншілігінде 38 матч өткізіп, 92,4% соққыны қайтара білді. Оның сенімділік коэффициенті – 2,45.

Қақпашының қалпына келу мерзімі шамамен 5-6 айды құрайды. Осыған байланысты ол алдағы әлем чемпионатына қатыса алмайды.

Сондай-ақ оқыңыз: ҚХЛ-дегі 800-матч. Бурдасов мерейтойын атап өтті, бірақ Барыс оны жеңісімен қуанта алмады

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie