ҚХЛ-дегі 800-матч. Бурдасов мерейтойын атап өтті, бірақ Барыс оны жеңісімен қуанта алмады
“Барыс” шабуылшысы Антон Бурдасов өз мансабындағы маңызды белесті бағындырды – “Тракторға” (0:8) қарсы өткен кездесу оның ҚХЛ-дағы 800-ші ойыны болды.
33 жастағы шабуылшы астаналық клуб сапында алғашқы маусымын өткізіп жатыр. 2024/2025 маусымының басында командаға қосылған Бурдасов 52 матч өткізіп, 17 (12+5) ұпай жинады.
Ол КХЛ-дағы ең тәжірибелі ойыншылардың бірі. Өз карьерасында мына клубтарда өнер көрсетті: СКА (Санкт-Петербург) – 341 матч; “Трактор” (Челябі) – 227; “Салават Юлаев” (Уфа) – 95; “Авангард” (Омбы) – 73; ЦСКА (Мәскеу) – 12
ҚХЛ-дағы жалпы көрсеткіші: 426 (220+206) ұпай.
Алайда, “Барыс” үшін бұл маусым оңай болмай тұр – 61 ойыннан кейін команда 31 ұпаймен Шығыс конференциясының соңғы орнына жайғасқан.
6 наурызда астаналық клуб өз алаңында “Сібірді” қабылдайды.