locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барысты» төрешілер қысты ма? Астаналық жанкүйерлер «Сибирьден» жеңілгеннен кейін наразылық білдірді

Астаналық клуб новосібірлік командадан 2:3 есебімен жеңілді, ал матчтың соңы жанкүйерлер арасында сұрақ туғызды
ФОТО: ХК "Барыс"

Астанада Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» новосібірлік «Сибирьді» қабылдады. Мұз айдынының қожайындары 2:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қонақтар 12-минутта Степан Никулиннің басым құрамда соққан голының арқасында есеп ашты. Алайда Мэйсон Морелли таразы басын теңестірсе, Кирилл Савицкий «Барысты» алға шығарды — 2:1. Екінші кезеңде көрермендер гол көре алмады.

Үшінші кезеңде «Сибирь» 51-минутта басым құрамды сәтті пайдаланып, Тэйлор Бектің көмегімен есепті теңестірді. Ал 56-минутта Павел Тютнев қонақтардың үшінші шайбасын соғып, командасына жеңіс әкелді.

Жеңіс голы даулы жағдай туғызды. Тютневтің голына дейін «Барыс» шабуылшысы Джастин Бэйлидің қатысуымен эпизод болды: «Сибирь» қорғаушысы форвардты қолымен ұстап тұрды, алайда төрешілер ереже бұзушылықты тіркемеді. Бұл сәт трибунадағы жанкүйерлердің наразылығын тудырды.

Бұдан бөлек, төрешілер Ансар Шайхмедденовтің кем құрамда соққан шайбасын есептемеді. Бейнеқайталаудан кейін төрешілер қақпашыға кедергі жасалды деген шешім шығарды. «Сибирьдің» бас бапкері Ярослав Люзенков бұл шешімді «Барыс» ойыншысының конькиімен қақпашының қалқанына тигенімен түсіндірді.

Баспасөз мәслихатында Люзенковтан төрешілердің шешімдері матчтың нәтижесіне әсер етті деген пікірмен келісесіз бе деп сұрады.

«Мен төрешілермен дауласпаймын», — деп жауап берді новосібірлік команданың жаттықтырушысы.

Сонымен қатар Люзенков өз командасының жеңісін лайықты деп атап, ойынның тартысты өткенін және «Сибирьдің» гол соғуға жеткілікті мүмкіндігі болғанын айтты.

Соған қарамастан екі эпизод — Шайхмедденовтің есептелмеген шайбасы мен жеңіс голының алдындағы жағдай — әлі де талқыланып жатыр.

«Ең масқара матч. Бұл біздің жеңілісіміз емес, төрешілер бригадасының жеңісі»;

«ҚХЛ “Барыс” пен “Сибирь” ойыны туралы жазба жариялауға қорқады. “Барыстың” жанкүйерлері пікірлерде бірден жермен-жексен етеді»;

«Жолақты жейдедегілер, әрине, біраз бүлдірді, бірақ “Барыс” өзіне-өзі жеңілді — босаңсып кетті немесе бәс тікті. Шепард та, шынын айтқанда, бізге қарсы ойнап жүргендей»;

«Бэйлиді еш себепсіз артынан тартып, шалып құлатады, бірақ төрешілер әдеттегідей мұны қандай да бір себеппен көрмеді»;

«Сибирьдің қолынан келмесе — төреші көмектеседі! ҚХЛ-ға жарайсыздар», — деп жазды қолданушылар клубтың жазбасының астында.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie