«Барыстың» экс-бапкері ҚХЛ-да жаңа қызметке орналасты
Астаналық «Барыстың» бұрынғы бас бапкері Дэвид Немировский кәсіби мансабын Құрлықтық хоккей лигасында жалғастырады.
Ол «Шанхай Дрэгонс» командасының жаттықтырушылар штабына қосылды, деп хабарлайды Shaiba.kz.
Бұған дейін бұл клуб «Куньлунь Ред Стар» атауымен белгілі болған.
49 жастағы канадалық маман өткен маусымды «Барыстың» тізгінін ұстап бастаған еді. Алайда, оның басшылығымен команда ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатындағы жеті ойынның біреуінде ғана жеңіске жетті.
Немировский 2015 жылдан бері ҚХЛ-мен тығыз байланыста. Алдымен ол «Адмирал» клубында спорт директоры болып қызмет атқарды, кейін төрт маусым бойы Нижний Новгородтың «Торпедо» командасын жаттықтырып, үш рет плей-офф кезеңіне шығарды. Одан соң «Сібірді» басқарды, кейіннен «Барысқа» келген.
Сондай-ақ «Барыстың» жаңа бас бапкері құрамды жасақтау қағидаларын атады.