locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыстың» жаңа бас бапкері құрамды жасақтау қағидаларын атады

«Барыс» бас бапкері жаңа маусымға құрам жасақтау жайлы пікір білдірді
Хоккей
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Барыстың» жаңа бас бапкері құрамды жасақтау қағидаларын атады
ФОТО: ҚХЛ

«Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец команда құрудағы көзқарасымен бөлісіп, Қазақстандағы жұмысын неден бастағанын әңгімеледі. Маманды айтуынша, бәрі ел құрамасының бас менеджері Олег Болякиннің қоңырауынан басталған. Сол кезде ол Кравецті кандидаттардың бірі ретінде қарастырып жүргенін айтып, команданы жасақтауға қатысуға дайындығын сұраған. Артынша клубтың бас директоры ресми сұқбатқа шақырған.

«Мен не істегім келетінін айттым, ал басшылық өз жоспарларымен бөлісті. Нәтижесінде мені таңдады, сөйтіп Қазақстанға келдім»,-деді Кравец.

Бапкердің алғашқы міндеті – өткен маусымда «Барыс» сапында ойнаған негізгі ойыншыларды сақтап қалу.

«Кездейсоқ ойыншы болмайды, тек бәсекеге төтеп бере алатындар ғана қалады. Жақын уақытта легионерлермен де күшейеміз деп үміттенемін»,-деп атап өтті ол.

Айта кетейік, 2025 жылдың 4 тамызында «Барыс» Михаил Кравецтің бас бапкер болып тағайындалғанын ресми хабарлады. Маманның келісімшарты 2026 жылдың 31 мамырына дейін жасалған, тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie