locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыста» ойнаған ресейлік хоккейшілер Астанада қалғысы келеді

Агент Шуми Бабаев өз ойыншыларымен байланысты жағдайды баяндады
Хоккей
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
«Барыста» ойнаған ресейлік хоккейшілер Астанада қалғысы келеді
ФОТО: ХК «Барыс»

Ресейлік хоккей агенті Шуми Бабаев «Барыс» клубындағы ойыншыларының болашағына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, командада қалғысы келетін хоккейшілер бар, алайда жаңа басшылықпен әлі байланыс орнатылмаған.

«Ашық айтсам, менімен жаңа басшылықтың ешқайсысы хабарласқан жоқ. Не болатынын білмеймін. Бірақ кейбір жігіттер «Барыста» қалғысы келеді: Бурдасов пен Антипин командада қалуға ниетті. Бұрынғы басшылықпен Бурдасовқа екі жылдық келісім жайында алдын ала келісім болған. Бірақ қазіргі жағдай түсініксіз», – деді Бабаев.

Антон Бурдасов өткен маусымда «Барыс» сапында 53 матч өткізіп, 12 шайба соғып, 5 нәтижелі пас берген. Ол командадағы маусымның үздік снайпері атанды.

«Барыс» маусымға дайындықты «Сибирьмен» жолдастық кездесуден бастайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie