«Барыс» маусымға дайындықты «Сибирьмен» жолдастық кездесуден бастайды
«Барыстың» алғашқы сынағы: қыркүйекте клуб «Сибирьмен» жолдастық матч өткізеді
Хоккей
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: БАРЫС ХК
Астаналық «Барыс» хоккей клубы жаңа ҚХЛ маусымына дайындықты 1–2 қыркүйек күндері өтетін жолдастық кездесулермен бастайды. Қарсылас - Новосібірдің «Сибирь» командасы. Екі матч та Қазақстан астанасында өтеді.
Бұл ойындар «Барыс» үшін өткен маусымдағы сәтсіздіктен кейінгі алғашқы сынақ болмақ. Команда Шығыс конференциясында соңғы орынға табан тіреп, 68 матчта бар болғаны 35 ұпай жинаған еді. Бұл - клуб тарихындағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі.
Қайта құру кезеңінің аясында биылғы 17 маусымда клубтың жаңа бас директоры болып Сәкен Мұсайбеков тағайындалды. Енді жаңа басшылық алдағы маусымда команданың ойын өрнегін ғана емес, басқару құрылымын да түбегейлі өзгертуге ниетті.