locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Барысқа тағы бір соққы: Андрей Шутов биылғы маусымда енді алаңға шықпайды

Хоккей
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Барысқа тағы бір соққы: Андрей Шутов биылғы маусымда енді алаңға шықпайды
ФОТО: Барыс ХК

2024/2025 маусым “Барыс” үшін аса сәтсіз өтіп жатыр, әрі жағдай тек нашарлай түсуде. Клуб плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды, енді қақпашылар желісінде күрделі мәселелерге тап болды.

Команданың баспасөз қызметі Андрей Шутовтың жарақатына байланысты осы маусымда енді ойнамайтынын хабарлады. Бұл клуб үшін кезекті ауыр соққы болды. 27 жастағы қақпашы 16 матч өткізіп, 89,4% соққыны қайтарды, сенімділік коэффициенті – 3.84.

Бұл жаңалық негізгі қақпашы Никита Бояркиннің ауыр жарақат алғаны белгілі болғаннан кейін келді. 5 наурызда оның тізе байламдарына ота жасалғаны ресми түрде расталды. Ол енді шамамен алты ай бойы мұз айдынына шыға алмайды.

Қазіргі таңда команда құрамында үш қақпашы қалды: Юхан Матссон (Швеция, 32 жас) – осы маусымда 9 матч өткізді; Артём Шестаков (Қазақстан, 20 жас) – тек бір кездесуде ойнады; Владимир Никитин (Қазақстан) – әлі ҚХЛ-де мұзға шыққан жоқ. Осы жағдайға байланысты енді Матссон негізгі қақпашы атанады, ал Шестаков пен Никитин маусымның қалған бөлігінде өздерін көрсетуге мүмкіндік алады.

Айта кетейік, қазақстандық клуб плей-оффқа шығу мүмкіндігін ресми түрде жоғалтты. “Барыс” 61 матчта 31 ұпай жинап, ҚХЛ-дың Шығыс конференциясының соңғы орнына тұрақтады.

“Барыс” келесі кездесуін бүгін, 6 наурыз күні Астана уақытымен 19:30-да “Сибирьге” қарсы өткізеді. Алайда енді басты интрига қазақстандық команданың қақпасын кім қорғайтынында.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie