Барыс қақпашысы Бояркин Германияда сәтті ота жасатты
Қазақстандық "Барыс" клубы мен ұлттық құраманың қақпашысы Никита Бояркин Германияда сәтті хирургиялық операциядан өтті, деп хабарлайды Akmanov Sport.
Еске сала кетейік, голкипер ҚХЛ-дің тұрақты чемпионатындағы өз алаңында өткен "Ладаға" қарсы ойында оң тізесінің алдыңғы крест тәрізді байламынан ауыр жарақат алған болатын.
26 жастағы қарағандылық қақпашы биылғы маусымда ҚХЛ-дің тұрақты біріншілігінде 38 матчқа қатысып, жоғары деңгейдегі ойын көрсетті. Оның соққыларды қайтару пайызы 92,4%-ды құрап, сенімділік коэффициенті 2,45 болды.
Хоккейші толық қалпына келу үшін шамамен 5-6 ай уақыт қажет. Осыған байланысты ол алдағы әлем чемпионатына қатыса алмайды.
Сондай-ақ оқыңыз: "Мен азаматтықтан бас тарту туралы шешім қабылдаған жоқпын". Шевченконың азаматтықтан айыру туралы шешімі жайлы