locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» ойыншылары ҚХЛ-дағы екінші апта қорытындысы бойынша көшбасшылар қатарында

Рейтингтегі он хоккейшінің бесеуі «Барыс» өкілдері
«Барыс» ойыншылары ҚХЛ-дағы екінші апта қорытындысы бойынша көшбасшылар қатарында
ФОТО: ХК Барыс

«Барыстың» бес хоккейшісі екінші аптаның қорытындысы бойынша Құрлықтық хоккей лигасы ойыншыларының рейтингіндегі үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Sports24.kz.

ҚХЛ баспасөз қызметі ұсынған рейтингте үздік бестікке берілген бес орынның үшеуін қазақстандық клуб өкілдері иеленді. Ең үздік нәтиже 4.55 рейтингімен Джастин Бэйлиге тиесілі болды. Екінші орын алған Джейк Масси одан небәрі жүзден бір ұпайға қалып қойды.

Үздік бестіктің қатарынан Гарретт Пилон да көрінді: ол 3.83 ұпаймен төртінші орынға жайғасты. «Барыстың» басқа өкілдері Чейз Эванс Приски мен Логан Дей сегізінші және тоғызыншы орындарды иеленді (тиісінше 3.11 және 3.06 ұпай).

«Барыстың» қақпашысы Андрей Шутовқа да ерекше назар аударылды. Ол Михаил Кравец шәкірттері 4:1 есебімен жеңіске жеткен Мәскеудің «Динамосына» қарсы матч қорытындысы бойынша күннің үздік ойыншысы деп танылды.

Еске салайық, жеті матчтан кейін «Барыс» бес жеңіске жетіп, екі рет жеңіліс тапты. Команданың еншісінде он ұпай бар, ал Шығыс конференциясында үшінші орында келеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie