Барыс командасының жас қақпашысы Шестаков КХЛ-де дебют жасады
Астанадық "Барыс" клубының қақпашысы Артём Шестаков Континенттік хоккей лигасындағы (КХЛ) алғашқы матчына қатысты.
Челябінің "Тракторына" қарсы өткен кездесуде (0:8) 20 жастағы қақпашы алғашқы үзілістен кейін мұз айдынына шығып, Андрей Шутовты алмастырды. Ол қалған 40 минутта 27 соққының 23-ін қайтара алды.
2024/2025 маусымын Шестаков Жастар хоккей лигасында (МХЛ) өнер көрсететін "Снежные Барсы" сапында бастаған болатын. Ол бұл командада 15 ойын өткізіп, 90,5% соққыны қайтара алды, сенімділік коэффициенті – 3,47.
61 матчтан кейін "Барыс" КХЛ-дің Шығыс конференциясында соңғы орында тұр, еншісінде 31 ұпай бар.
Астана командасы келесі кездесуін 6 наурызда өткізеді. "Барыс" өз алаңында Новосібірдің "Сібірімен" кездеседі.
Сондай-ақ оқыңызшы: Бояркин Германияға ота жасатуға аттанды – ол ӘЧ-2025-ті жіберіп алады