«Барыс» клубы қаржылық дағдарысқа ұшырады: қарыз көлемі 1,7 миллиард теңгеге жетті, маусымды соңғы орында аяқтады
Хоккей
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: barys_official и инстаграм парақшасынан
Қазақстан астанасының «Барыс» хоккей клубы қаржылық қиындықтарға тап болды - клубтың жалпы қарызы 1,7 миллиард теңгені құрады, деп хабарлайды «Shaiba.kz» порталы.
Бұған дейін команда ойыншыларына екі ай бойы жалақы төленбегені туралы ақпарат тараған болатын. Сонымен қатар, хоккейшілер өз қаражаттарына сатып алған клюшкалар мен ойын формасына жұмсалған ақшалары да кері қайтарылмаған.
2024/2025 жылғы Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) маусымын «Барыс» наурыз айында аяқтап, өз тарихындағы ең сәтсіз нәтижелердің бірін көрсетті. Команда Шығыс конференциясында соңғы - 12-орынды иеленіп, небәрі 35 ұпай жинады. Жалпы 68 ойынның 54-інде жеңіліс тапты.