locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» қарыздан құтыла алмай отыр: хоккейшілерге екі айдан бері жалақы төленген жоқ

Хоккей
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Барыс» қарыздан құтыла алмай отыр: хоккейшілерге екі айдан бері жалақы төленген жоқ
ФОТО: barys_official инстаграм парақшасынан

Астананың «Барыс» хоккей клубы әлі күнге дейін ойыншылармен еңбекақы бойынша есеп айырысқан жоқ.

Legalbet.kz мәліметінше, командаға екі айдан астам уақыт бойы жалақы төленбеген.

Жалақыдан бөлек, клуб ойыншыларға өз қаржысына сатып алынған клюшкалар мен ойын формасы үшін де қаражат қайтармаған. Маусым аяқталғанына қарамастан, қаржылық қиындықтар елордалық ұжымды әлі де мазалап келеді.

Еске салайық, «Барыс» 2024/25 жылғы КХЛ маусымын наурыз айында аяқтады. Соңғы турда команда «Салават Юлаевқа» 1:4 есебімен жеңілді. Астаналықтар Шығыс конференциясында бар болғаны 35 ұпай жинап, соңғы – 12-орынды иеленді. Жалпы 68 матчтың 54-інде жеңіліс тапқан.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie