«Барыс» хоккей мектебінде басшылық ауысты
Спорт мектебінің жаңа директоры – Талгат Китаров
Хоккей
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: Shaiba.kz
«Барыс» хоккей клубының балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде басшылық құрам жаңартылды. Шайба.kz хабарлауынша, директор қызметіне тәжірибелі спорт маманы Талгат Китаров тағайындалды.
Ол бұған дейін Олимпиадалық резервтің №10 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебін, сондай-ақ кәсіби «Астана» хоккей клубын басқарған.
Китаров – жас спортшылармен жүйелі жұмыс істейтін, көптеген хоккейшіні тәрбиелеген маман ретінде танымал. Алдыңғы басшы Руслан Мамбеталиев 3 шілде күні ресми түрде қызметінен кеткен.
Жақын күндері мектептің болашақ дамуына қатысты жаңа жоспарлар ұсынылмақ.
«Барыста» ойнаған ресейлік хоккейшілер Астанада қалғысы келеді.