locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» бас директоры Оразбаев клубтың қаржылық жағдайын ашық айтты

Хоккей
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Барыс» бас директоры Оразбаев клубтың қаржылық жағдайын ашық айтты
ФОТО: БАРЫС ХК

Астаналық «Барыс» хоккей клубының жұмысында қаржылық қиындықтар әлі де сезілуде. Клубтың бас директоры Нұрлан Оразбаев қазіргі қарыз көлемін жариялап, оны қысқартуға бағытталған шараларды атады.

«2024 жылдың соңында берешек 2,2 миллиард теңгені құрады. Қатаң үнемдеу мен шығындарды оңтайландыру нәтижесінде бұл соманы 1,7 миллиардқа дейін азайттық»,- деді ол баспасөз жиынында.

Оразбаевтың айтуынша, қарыздың бір бөлігі бұрынғы келісімшарттар бойынша төленген төлемақыүа жұмсалған.

«Нақты соманы айта алмаймын, бірақ төлемақыларға аз қаражат кеткен жоқ»,— деп атап өтті клуб басшысы.

Сондай-ақ, ол жалақы бойынша берешек жақын күндері ішінара өтелетінін растады.

«Екі айдың еңбекақысын 28-наурыз күні жібереміз»,-деді Оразбаев.

Бас директордың сөзінше, қаржылық қиындықтар бірнеше жыл бойы жиналған. Кей жағдайларда ойыншылар норматив бойынша үш форма болуы тиіс болса да, бір ғана комплектпен мұз айдынына шығуға мәжбүр.

2024/2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша «Барыс» ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында 62 матчтың нәтижесінде 58 ұпай жинап, 11-орынға табан тіреді. Бұл көрсеткіш плей-офф кезеңіне жолдама алуға жеткіліксіз болды. Қаржылық дағдарыс аясында клуб құрамды жасартуға және өз тәрбиеленушілерін дамытуға басымдық беріп отыр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie