locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Барысқа» клуб тағдырына бейжай қарамайтын жаңа басшылық керек – Жайлауов команданың болашағы туралы

Хоккей 15 мам 2025 03:24
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Барысқа» клуб тағдырына бейжай қарамайтын жаңа басшылық керек – Жайлауов команданың болашағы туралы
ФОТО: Getty Images

«Барыс» клубының бұрынғы шабуылшысы және Қазақстан құрамасының экс-капитаны Талғат Жайлауов астаналық хоккей командасын дағдарыстан шығаруға не көмектесетінін айтты.

Жайлауовтың айтуынша, «Барыстың» қайта өрлеуінің басты шарты – білікті басқару мен нәтижелі ойыншыларды дұрыс таңдау.

«Клуб бұрынғы деңгейіне оралуы үшін оған шын жүрегімен жанкүйер болатын жаңа басшылық келуі керек. Олар балалар хоккейінің дамуына мән беріп, «Барысқа» жай ғана аты шыққан емес, нақты нәтиже бере алатын ойыншыларды шақыруы қажет. Қазір, өкінішке қарай, мұны көріп отырған жоқпыз. Қымбат уақыт жоғалып жатыр. Дегенмен, мен «Барыстың» жағдайы әлі де түзеледі деп сенемін», – деді Жайлауов YouTube-арнасындағы «Головой об лед» бағдарламасына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, 2024/25 жылғы ҚХЛ маусымында «Барыс» турнирлік кестеде соңғы орын алып, клуб тарихындағы ең нашар нәтижесін көрсетті.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie