locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» – «Адмирал» – 3:0. Кравец командасының сенімді «құрғақ» жеңісі. Матчтың бейнешолуы

Михаил Кравецтің командасы 3:0 есебімен жеңіске жетті
Хоккей
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
«Барыс» – «Адмирал» – 3:0. Кравец командасының сенімді «құрғақ» жеңісі. Матчтың бейнешолуы
ФОТО: ХК «Барыс»

29 қыркүйек, сейсенбі күні Астанада Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» өз алаңында Владивостоктың «Адмиралына» қарсы кездесу өткізді. Михаил Кравецтің командасы сенімді «құрғақ» жеңіске қол жеткізді — 3:0.

Астаналық ұжым сапында шайбаларды Мэйсон Морелли, Всеволод Логвин және Ансар Шайхмедденов соқты. «Барыс» екі шайбаны екінші кезеңде соғып, соңғы 20 минутта жеңісін түйіндеді.

Бұл — қазақстандық команданың қатарынан екінші жеңісі. 11 ұпай жинаған «Барыс» КХЛ-дың Шығыс конференциясында алтыншы орынға көтерілді.

1 қазан күні Кравецтің командасы өз алаңында Ярославльдің «Локомотивін» қабылдайды, одан кейін кезекті түз турына аттанады.

Сіздердің назарларыңызға матчтың бейнешолуын ұсынамыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie