locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» өз айдынында «Адмиралды» сенімді жеңді

Астана командасы қарсыласына үш жауапсыз шайба соқты
Хоккей
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
«Барыс» өз айдынында «Адмиралды» сенімді жеңді
ФОТО: ХК «Барыс»

29 қыркүйек, сейсенбі күні Астанада ҚХЛ-дың тұрақты маусымындағы кезекті матч өтті. Жергілікті «Барыс» өз алаңында Владивостоктың «Адмиралын» қабылдады.

Қазақстандық ұжым қарсыласын қақпасына шайба өткізбеу арқылы 3:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Бірінші кезеңде трибунадағы жанкүйерлерге гол сыйланбады. Ал екінші жиырма минуттықта «Барыс» екі рет мергендік танытты. Алдымен Мэйсон Морелли есеп ашты. Артынша Всеволод Логвин үй иелерінің басымдығын еселеді.

Владивосток қонақтарын үшінші кезеңнің соңында Ансар Шайхмедденов Логвиннің пасынан кейін дәл соққысымен түбегейлі жеңіліске ұшыратты.

11 ұпай жинаған «Барыс» Шығыс конференциясының тұрақты маусымындағы турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді.

«Барыстың» бұл ішкі сериясы 1 қазан күні Ярославльдің «Локомотивіне» қарсы өтетін матчпен аяқталады, содан кейін Михаил Кравецтің командасы кезекті қонақтық турнеге аттанады.

ҚХЛ. Тұрақты маусым

«Барыс» (Астана) – «Адмирал» (Владивосток) – 3:0 (0:0, 2:0, 1:0)

Шайбалар:

1:0 – Морелли (Веккьоне, Шил) – 26:27
2:0 – Логвин (Уолш) – 37:14
3:0 – Шайхмедденов (Логвин) – 57:04

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie