locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасы Өскеменде жолдастық матч өткізеді

Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Азия чемпионатына дайындалуда
Хоккей
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қазақстан құрамасы Өскеменде жолдастық матч өткізеді
ФОТО: olympic.kz

5 қараша күні Өскемен қаласында шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты басталады. Құрлық додасында Қазақстан құрамасы Қытай, Корея және Жапония командаларымен күш сынасады.

Бүгін ұлттық құрама Астанада оқу-жаттығу жиындарын бастады. Дайындық аясында 2 қараша күні хоккейшілеріміз өз қарсыласы - Қытай құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Ойын Борис Александров атындағы спорт сарайының мұз айдынында өтеді.

Бұл турнир біздің қыздар үшін басты сынақтардың бірі болмақ. Олар тек құрлық бәсекесінде өз шеберлігін дәлелдеуді ғана емес, сонымен қатар келер көктемде өтетін әлем чемпионатына (I дивизион, «B» тобы) дайындықты да көздеп отыр. Әлемдік дода 2026 жылдың 12–18 сәуірі аралығында Испанияның Пучсерда қаласында өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie