locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

2025 жылғы әлем чемпионатындағы Қазақстан әйелдер құрамасының ойын кестесі белгілі болды

Әйелдер құрамасы әлем чемпионатына дайын
Хоккей
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
2025 жылғы әлем чемпионатындағы Қазақстан әйелдер құрамасының ойын кестесі белгілі болды
ФОТО: нур.кз

Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы жаңа маусымдағы басты сынға – бірінші дивизионның «B» тобына арналған әлем чемпионатына дайындықты бастады. Біріншілік 12–18 сәуір аралығында Испанияның Пучсерда қаласында өтеді. Бұл турнир қазақстандықтар үшін жоғары топқа көтерілу жолындағы шешуші кезең болмақ.

Құрама Нидерланд, Латвия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея және Испания құрамаларымен кездеседі. Әр ойынның маңызы зор – тек топ жеңімпазы ғана «A» тобына жолдама алады.

Қазақстан құрамасының ойын кестесі:

• 12 сәуір, 19:30 — Қазақстан – Латвия
• 13 сәуір, 19:30 — Нидерланд – Қазақстан
• 15 сәуір, 23:00 — Испания – Қазақстан
• 17 сәуір, 19:30 — Қазақстан – Оңтүстік Корея
• 18 сәуір, 19:30 — Ұлыбритания – Қазақстан

Өткен маусымда қазақстандық хоккейшілер алты ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтаған болатын. Енді команданың басты мақсаты – тәжірибені ұтымды пайдаланып, биыл жоғары топқа қайта оралу.

Айта кетейік, бұған дейін жастар құрамасының да әлем чемпионатындағы ойын кестесі жарияланған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie