Қазақстан құрамасы IIHF рейтингінде 15-орынға түсіп қалды – элиталық дивизионмен қош айтысты
Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) 2025 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталғаннан кейін ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады.
Қазақстан құрамасы бұл тізімде 15-орынға тұрақтады, тек Францияны ғана артта қалдырды. IIHF ұйымы қазақ командасының өнерін былай сипаттады:
- «АҚШ құрамасынан 1:6 есебімен жеңілді - енді қарымта қайтаруға мүмкіндік болмайды».
Айта кетейік, чемпионат басталар алдында Қазақстан 13-орында тұрған еді. Алайда B тобындағы сәтсіз нәтиже рейтингтегі орынның төмендеуіне алып келді.
Турнир барысында қазақстандық хоккейшілер бар болғаны үш ұпай жинап, өз тобында соңғы орынды иеленді. Осылайша, команда элиталық дивизионмен қош айтысты. Жалғыз жеңісті Олег Болякиннің шәкірттері алғашқы ойында Норвегияға қарсы тіркеді.