locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

B тобының қорытындысы: Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатының элитасынан айырылды

Хоккей
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
B тобының қорытындысы: Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатының элитасынан айырылды
ФОТО: iihf.com

2025 жылғы хоккейден әлем чемпионатының топтық кезеңі өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы бас бапкер Олег Болякиннің жетекшілігімен B тобында жеті ойын өткізді. Жинаған үш ұпаймен біздің құрама сегізінші орын алып, элиталық дивизионмен қош айтысты.

Қазақстан турнирді жарқын жеңіспен бастаған болатын - Норвегияны 2:1 есебімен тізе бүктіріп, жанкүйерлерге үміт сыйлады. Алайда одан кейінгі ойындарда қарсыластар мықтырақ болды: Германиядан (1:4), Мажарстаннан(2:4), Даниядан (1:5), Чехиядан (1:8), АҚШ-тан (1:6) және Швейцариядан (1:4) қатарынан жеңіліп қалдық. Үш ұпаймен Қазақстан Мажарстанмен теңескенімен, жеке кездесудегі нәтижеге байланысты соңғы орынға түсіп қалды.

B тобының қорытынды кестесі:

1. Швейцария – 19 ұпай
2. АҚШ – 17
3. Чехия – 17
4. Дания – 11
5. Германия – 10
6. Норвегия – 4
7. Мажарстан– 3
8. Қазақстан – 3

Осылайша, плей-офф кезеңіне Швейцария, АҚШ, Чехия және Дания құрамалары жолдама алды. Ал Қазақстан құрамасы турнирдің элиталық деңгейінен түсіп, келесі маусымды төменгі дивизионда бастайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie