locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасы бірінші дивизионға оралды: 2026 жылғы хоккейден әлем чемпионаты Польшада өтеді

Хоккей
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Қазақстан құрамасы бірінші дивизионға оралды: 2026 жылғы хоккейден әлем чемпионаты Польшада өтеді
ФОТО: kazakhstanhockey инстаграм парақшасынан

2026 жылы хоккейден әлем чемпионатының бірінші дивизион «А» тобы Польшада ұйымдастырылады, деп хабарлады Shaiba.kz

Өкінішке қарай, Қазақстан ұлттық құрамасы элиталық дивизионда орнын сақтап қала алмады - топтық кезеңде жеті кездесудің алтауында жеңіліс тапты. Дәл осындай жағдай Франция құрамасының да басына түсті - олар да жоғарғы деңгейден айырылды.

Осылайша, келесі жылы бірінші дивизионда жоғары лигаға жолдама алу үшін Қазақстан, Франция, Польша (турнир иесі), Украина, Жапония және Литва құрамалары өзара бақ сынайды.

Қазақстандықтар үшін бұл 2019 жылдан бергі бірінші дивизиондағы алғашқы ойын болмақ.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie