locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

АҚШ-та қазақстандық талант жарқырады: Сәркенов «Спокан Чифс» командасына ірі жеңіске көмектесті

Жас шабуылшы екі нәтижелі пас беріп, беделді Rookie Showcase турнирінде дебют жасауға дайындалуда
Хоккей
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
АҚШ-та қазақстандық талант жарқырады: Саркенов «Спокан Чифс» командасына ірі жеңіске көмектесті
ФОТО: Getty Images

Алдын ала маусымдық дайындық аясындағы жолдастық кездесуде Батыс хоккей лигасының (WHL) «Спокан Чифс» клубы «Сиэтл Тандербердс» командасын ойсырата жеңіп, 9:3 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Shaiba.kz.

Ойынның басты кейіпкерлерінің бірі қазақстандық шабуылшы Асанәлі Сәркенов болды. Ол екі нәтижелі пасымен көзге түсті.

Алдағы уақытта 18 жастағы хоккейші Rookie Showcase 2025 турниріне қатыспақ. Бұл додада ол «Колорадо Эвеланш» сапында өнер көрсетеді. Жарыс 12–14 қыркүйек аралығында өтеді. Турнирге сонымен қатар «Вегас» пен «Юта» клубтары қатысады.

Өткен маусым Сәркенов үшін Солтүстік Америкадағы дебюттік жыл болды. WHL-дың тұрақты чемпионатында ол 52 матч өткізіп, 27 ұпай (10 шайба, 17 пас) жинады. Ал плей-оффта 21 ойында тағы 14 ұпайға (9+5) қол жеткізді. Дегенмен, «Спокан» шешуші серияда «Медисин-Хат Тайгерске» 1:4 есебімен жол беріп, кубоктан құр қалды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie