«Арлан» жарыстан шеттетілуі мүмкін: УЕХ Қазақстан чемпионына жаза қолдануы ықтимал


Континенталдық кубокты ұйымдастырушылар Көкшетаудың «Арлан» хоккей клубын алдағы маусымда турнирден шеттету мүмкіндігін байыппен қарастыруда.
Бұл шешімге себеп - команданың өткен маусымда жарыстың шешуші кезеңіне барудан бас тартуы.
Telegram-арна «Головой об лед» таратқан ақпаратқа сәйкес, жарыс басшылығы қазақстандық чемпионның 2024/2025 жылғы маусымда «Төрттік финалына» қатыспау жөніндегі шешіміне реніш білдіріп отыр. Айта кетейік, сол маусымда «Арлан» үшінші кезеңнің Е тобында бірінші орынды иеленген болатын. Алайда Pro Hokei Ligasy-дағы тығыз ойын күнтізбесіне байланысты команда финалдық кезеңге барудан бас тартты.
«Арлан» жарыстан шет қалғанда финалда үш команда ғана бақ сынады. Нәтижесінде, кубок иегері болып Ұлыбританиялық «Кардифф» танылды. Соған қарамастан, 2024/2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша Көкшетау клубы Қазақстан чемпионы ретінде Континенталдық кубокқа қайта жолдама алды. Финалдық серияда олар Өскеменнің «Торпедо» командасын 4:0 есебімен жеңді.
Енді «Арланның» халықаралық турнирге қатысуы күмән тудырып отыр. Ұйымдастырушылардың шешімі тек клубтың ғана емес, бүкіл қазақстандық хоккейдің беделіне әсер етуі мүмкін.

Футбол
Бүгін 08:37

Футбол
Бүгін 08:11