«Семей» - «Кайрат» - 5:1. Қазақстан Кубогының финалындағы талқандау. Голдар және матчқа бейнешолу
Футзал
23 нау 2025 13:25

Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор

ФОТО: ФК «Семей»
22 наурызда футзалдан Қазақстан Кубогының финалы өтіп, онда «Семей» мен алматылық «Қайрат» кездесті.
Финалдың есебі ойынның 3-минутында ашылды – Кайо Торрес күшті соққымен допты қақпа маңдайшасының астына жіберді. Ал бірінші таймның соңына қарай Дедезиньо шедевр соғып, Кайо Торрес дубль жасады. Осылайша семейліктер бірінші таймды ірі есеппен аяқтады. Ойынның екінші бөлігінде «Қайрат» бір гол солғанымен, тағы екі гол жіберіп алды.
Нәтижесінде еліміздің қазіргі чемпионы алматылықтарды 5:1 есебімен ұтып, тұңғыш рет Қазақстан Кубогының иегері атанды.
Қазақстан Кубогы. Финал. 23 наурыз
«Семей» – «Қайрат» – 5:1
Голдар: Кайо Торрес 3, 19, Дедезиньо 16, Кандидо 22, Дәрібай 36 – Денер 24.
Матчқа бейнешолу:
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 06:03

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек