Өткен жыл үшін кек алды. «Семей» Қазақстан кубогының финалында алматылық «Қайратты» ұтты


22 наурызда футзалдан Қазақстан кубогының финалы өтіп, онда «Семей» МФК мен Алматылық «Қайрат» кездесті.
Семейлік клуб сапында келесі ойыншылар көзге түсті: Кайо Руис екі рет гол соқты, Дедесиньо, Габриэль Кандидо және Ақжол Дәрібай ерекшеленді. «Қайраттың» жалғыз голын Денер соқты. Осылайша «Семей» МФК «Қайратты» жеңіп, 24/25 есебімен Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды.
Семейлік клуб 23/24 маусымының Кубок финалыңда «Қайратпен» кездескен, бірақ 3:5 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Қазақстан кубогы. Финал
«Семей» МФК – «Қайрат» АФК – 5:1
Голдар: Кайо Руис 3, 19, Андерсон Алвес 16, Габриэль Дос Сантос 22, Ақжол Дәрібай 36 – Денер 24.
Ел біріншілігінің турнир кестесінде «Қайрат» көш бастап тұр, олардың еншісінде 78 ұпай бар, бір ұпай айырмашылығымен «Семей» екінші орында.
