«Семей» «Байтеректі» екінші матч қатарынан тас -талқан етті
Футзал
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: fcsemey Instagram парақшасы
«Семей» «Байтеректі» қатарынан екінші ойында жеңді.
Ойын 4:0 есебімен жеңіспен аяқталды, команда жеңіс сериясын жалғастырды. Бұл жолы алаңда тағы да екі жұлдыз жарқырады: Дедезиньо мен Родригиньо.
Дедезиньо қатарынан 11-ші ойынында гол соғып, фантастикалық сериясын жалғастырды. Родригиньо да өзінің ерекше статистикасын жалғастырып, 11-ші ойынында нәтижелі пас берді, бұл нағыз сенсация болып көрінеді.
«Байтерек» осы маусымда алғаш рет гол соға алмай қалды, бұл күтпеген жағдай болды, себебі команда әдетте нәтижелі ойын көрсететін.
Қазақстан Чемпионаты. 32 тур. 30 наурыз
«Семей» - «Байтерек» - 4:0
Голдар: Родригиньо,8 , Дедезиньо,24, Герейханов,32, Турегазин, 37.
