«Семей» плей-оффты Оралда «Бәйтерекке» қарсы сенімді жеңіспен бастады
Қазақстан футзал чемпионатының 1/4 финалы аясында өткен алғашқы матчта ел чемпионы «Семей» сырт алаңда «Бәйтеректі» 3:0 есебімен жеңді.
Қонақтар матч бойы басымдық танытқанымен, алаң иелері лайықты қарсылық көрсетті. Әсіресе, «Бәйтерек» қақпашысы Далтонның ойынын атап өткен жөн - ол бірнеше мәрте команданы голдан құтқарып қалды. Дегенмен, «Семейдің» шабуылы нәтижесін берді.
Футзал, Қазақстан чемпионаты, 1/4 финал
«Бәйтерек» — «Семей» — 0:3 (0:2)
Голдар: 0:1 — Далтон (автогол), 12; 0:2 — Төреғазин, 25; 0:3 — Герейханов, 29.
Осылайша, «Семей» серияда алға шықты. Естеріңізге сала кетейік, 1/4 финалдағы плей-офф сериясы екі жеңіске дейін жалғасады. Жартылай финал 7 маусымда басталады, ал финалдық серия 23 маусымда өтеді - бұл кезеңдер үш жеңіске дейін ойнатылады.