locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Күтпеген жеңіліс: Қазақстан футзал құрамасы Вьетнамнан ойсырай ұтылды

Футзал
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Күтпеген жеңіліс: Қазақстан футзал құрамасы Вьетнамнан ойсырай ұтылды
ФОТО: kff_team инстаграм парақшасынан

Хошимин қаласында өткен матчта алаң иелері 4:1 есебімен айқын жеңіске жетті.

Ойын алдында фаворит саналған Қазақстан құрамасы өз деңгейін дәлелдей алмады. 14-минутта вьетнамдықтар есеп ашты. Үзілістен кейін 33-минутта Ержан Карменов есепті теңестірді. Алайда матчтың соңғы минуттары Вьетнам құрамасының пайдасына шешілді: 39-минутта олар тағы бір гол соғып алға шықты, кейін екі рет бос қақпаны дәл көздеп, матч тағдырын түбегейлі шешті.

Қазақстан футзал құрамасы ФИФА рейтингісінде 7-орында тұр, ал Вьетнам 31-сатыда орналасқан. Осыған байланысты бұл нәтижені нағыз сенсация деуге болады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie