locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака Вьетнамдағы жиынның мақсаты туралы айтты

Футзал 12 сәу 2025 12:47
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака Вьетнамдағы жиынның мақсаты туралы айтты
ФОТО: KFF

Қазақстанның ұлттық футзал құрамасы Хошимин қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуді жалғастыруда. Команданың бас бапкері Рикардо Кака Вьетнам құрамасымен жоспарланған кездесулердің маңызы жөнінде пікір білдірді.

Бас бапкердің айтуынша, бұл жиын бірнеше маңызды мақсатты көздейді. Ең алдымен, жаңа тактикалық үлгілерді сынау мен ойыншылар арасындағы өзара байланысты тексеру. Сонымен қатар халықаралық деңгейдегі тәжірибесі аз ойыншыларға мүмкіндік беру де басты назарда.

«Біз үшін бұл - жаңа тактикалық сызбаларды байқап көруге, ойыншылардың түрлі комбинацияларда қалай әрекет ететінін бағалауға тамаша мүмкіндік. Кейбір футболшылар үшін бұл жиын - ерекше кезең. Мысалы, Сайдулла Қоспанов пен Иван Марахов алғаш рет ұлттық құрамада өзін көрсету мүмкіндігін алды. Ал Алексей Дерябин үшін бұл - алғашқы шетелдік жиын. Бұл олардың дамуы үшін маңызды қадам», - деді Кака.

Қазақстан құрамасы Вьетнаммен екі жолдастық матч өткізеді - 13 және 15 сәуірде. Жиын ФИФА күнтізбесіне сәйкес өткізіліп жатыр және 16 сәуірге дейін жалғасады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie