КАКА: \"Еуро-2026 жолдамасын плей-офф арқылы алғымыз келмейді\"
Футзал
Наурызбай Қанатұлы
Фото: kff.kz
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака Арменияға қарсы өтетін шешуші ойын алдында команданың дайындығы жайлы пікір білдірді.
“Жоспар бойынша дайындық жүріп жатыр. Уақыт шектеулі болғандықтан, ең маңызды нәрселерге басымдық бердік. Бізге тек жеңіс керек. Еуро-2026 жолдамасын плей-офф арқылы алғымыз келмейді. Құрама бұған дейін де үлкен ойындарда өнер көрсеткен, сондықтан ертең өз деңгейімізді дәлелдеуіміз қажет”, – деді Кака.
Айта кетейік, Еуро-2026 іріктеу кезеңі аясындағы Армения – Қазақстан матчы 12 наурыз күні Астана уақыты бойынша 20:00-де басталады. Ойынды Армения футбол федерациясы Техникалық орталығының академиясы қабылдайды.
Еске салайық, Қазақстандағы алғашқы кездесу 4:4 есебімен тең аяқталған болатын.